Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | С. Бахишева |
| Орал қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Калиев |
Батыс Қазақстан облысы
Орал қалалық мәслихатының
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4-3 шешімімен бекітілді
Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидалары